АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Даниэль Розенблюм отставкаға кететіні туралы мәлімдеді

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Даниэль Розенблюм отставкаға кететіні туралы мәлімдеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2024 16:04 Сурет: akorda.kz
АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюм 26 қараша күні Қазақстан Үкіметіне өзінің 2025 жылдың 20 қаңтарында қызметінен кететінін және АҚШ Мемлекеттік департаментінде 28 жылға жуық сәтті еңбек жолын тәмамдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылғы 5 желтоқсанда АҚШ елшілігі мәлімдеді.

"Елші Розенблюм 2022 жылдың қараша айынан бері Қазақстандағы миссия басшысы қызметін атқарып келеді. Ұзақ ойланып, ол бес президент пен сегіз мемлекеттік хатшымен бірге өткен жарқын еңбек жолын аяқтап, қызметінен кетуге бел буды. Ол Америка Құрама Штаттарын Қазақстанда, АҚШ-пен мықты әрі дамып келе жатқан серіктестік құрған елде, таныту мүмкіндігі үшін алғысын білдірді",- делінген ақпаратта.

Елшілік Розенблюмнің жетекшілігімен АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріліп, сауда, инвестиция, халықтар арасындағы байланыс, университеттер серіктестігі мен қауіпсіздік салаларында айтарлықтай табыстарға қол жеткізілгенін атап өтті.

"Қазақстанда АҚШ елшісі болу – мен үшін өмірімдегі ең үлкен құрметтердің бірі. Мен Қазақстан халқымен жақынырақ танысып, елдің барлық өңірлерін аралап, оның ерекше тарихы жайлы көп нәрсе білгеніме қуаныштымын. Осында тұрған уақытымда елдің бай мәдениеті мен дәстүрлеріне терең құрметпен қарадым", – деп атап өтті елші Розенблюм.

Елші Розенблюм миссияның алдағы жетістіктеріне толық сенім білдіріп, жаңа елші тағайындалғанға дейін миссия басшысының орынбасары Дебора Робинсонның уақытша басшылығына және Алматыдағы АҚШ бас консулы Мишель Еркиннің кәсібилігіне сенім артты. Сонымен қатар, ол Астана мен Алматыдағы командаларының баға жетпес еңбегін ерекше атап өтіп, олардың оның қызметі барысында миссияның мақсаттарына жету үшін аянбай еңбек еткенін айтты.

Қазақстанда қалған уақытында елші Розенблюм миссияның мақсаттарын жүзеге асыруды жалғастырып, өз міндеттерін біртіндеп тапсыруға күш салады. Бұл АҚШ-тың Қазақстанға деген тұрақты қолдауы мен адалдығының сақталатынын қамтамасыз етеді.

Еске салайық, Дэниэл Розенблюм бұл қызметке 2022 жылы келген болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: