Рекордтық 580 млрд теңге егіншілерді қолдауға бағытталды

Зерно, пшеница, посев, сельское хозяйство , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2024 09:23 Сурет: primeminister.kz
Биыл ауыл шаруашылығын жеңілдікті қаржыландыруға рекордтық 580 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің ақпаратынша, бұл қаражат егіншілерге келесі бағыттар бойынша берілді:

  • тікелей несие беруге,
  • пайыздық мөлшерлемені төмендетуге,
  • форвардтық сатып алуға.

Нәтижесінде, республика егіншілері дәнді дақылдар бойынша рекордтық көлемде өнім жинады: орташа өнімділік гектарына 16,1 центнер болып, 26,7 млн тонна астық бастырылды.

"Агротехнологияларды дұрыс қолдану, сапалы тұқымдар, минералды тыңайтқыштар және өсімдіктерді тиімді қорғаудың арқасында жоғары өнімділікке қол жеткізілді",- делінген ақпаратта.

Сурет: primeminister.kz

2023 жылы орташа өнімділік 10 ц/га құраған болатын. Сонымен қатар 3,2 млн тонна майлы дақыл бастырылды, 2,9 млн тонна картоп, 3,9 млн тонна көкөніс және 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды.

Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жұмыстары жалғасын табады. Президент тапсырмалары бойынша әзірленген Жол картасы аясында 2024–2028 жылдар аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру міндеті қойылды.

"Жалпы, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2021–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде 2030 жылға қарай бидай өнімділігін гектарына 20 центнерге дейін арттыру жоспарланып отыр",- деп мәлімдеді ведомство.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға арналған көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру биылдың өзінде басталып кетті.

Бұған дейін 2024 жылы Қазақстан халқының саны қаншалықты өскені хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: