2024 жылғы "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Сурет: Zakon.kz
"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтіп, жеңімпаздар анықталды. Нәтижесінде комиссия 6 бағыт бойынша ең жоғары балл жинаған 30 жобаны іріктеп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен беріледі.
"Грант иегерлерін марапаттау рәсімі желтоқсан айында Астанада өтеді. Жеңімпаздар жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттен 3 миллион теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетіледі". ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
2024 жылғы "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының иегерлері:
ҒЫЛЫМ бағыты
- Қанат Бекназаров
- Айым Дүйсен
- Ермұхамед Кальменов
- Анар Ормантаева
- Бірлік Сағитжанов
МӘДЕНИЕТ бағыты
- Анел Аубакирова
- Ерназар Ғимарат
- Әнел Маратова
- Танат Саденов
- Аршат Шәріп
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР бағыты
- Олжас Аманжол
- Александр Маслов
- Бақыт Момынов
- Аңсар Рахметулаев
- Райымбек Төлешев
БИЗНЕС бағыты
- Еркен Әлжанов
- Рустам Қабден
- Сергей Пен
- Казыбек Тастеміров
- Әлия Қарақожаева
МЕДИА бағыты
- Еркебұлан Бердалиев
- Маржан Қуандыкова
- Әсем Мирхайдарова
- Әсем Ұлтанбаева
- Асанали Шоманов
ВОЛОНТЕРЛІК бағыты
- Дархан Асқанбаев
- Аида Мейрамова
- Замира Сарбасова
- Ольга Соловьева
- Аслан Төлеухан
Айта кетейік, биыл өтінімдер 5 тамыз бен 6 қазан аралығында қабылданды. Келіп түскен 1284 өтінімнің 897-сі қабылданды. Атап айтқанда, "Бизнес" бағыты – 495, "Ғылым" бағыты – 62, "Мәдениет" бағыты – 107, "Ақпараттық технология" бағыты – 94, "Медиа" бағыты – 66, "Волонтерлік бағыты бойынша – 73 өтінім келіп түскен.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript