Биыл "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты 6 бағыт бойынша беріледі

Студенты, университет, вуз, выпускники, абитуриенты , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2024 18:56 Сурет: Zakon.kz
"Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты енді, 6 бағыт бойынша беріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Мемлекет басшысының бастамасымен берілетін бұл грант 2021 жылдан бастап жастарға "Ғылым", "Мәдениет", "Ақпараттық технологиялар", "Бизнес" және "Медиа" бағыттары бойынша үйлестірілген. Ал биыл аталған тізімге "волонтерлік" бағыты да қосылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл өзгеріс бағдарлама қағидаларын жетілдіру мақсатында жасалған. Брифингте мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың мақсаты да айтылды.

"Грант берудің мақсаты – жастардың белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа және қазіргі кездегі бастамаларын мемлекеттік қолдау." Қайрат Қамбаров, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: