Жамбыл облысындағы тасжолда жеңіл көліктерді тиеген автотасығыш өртенді

Жамбыл облысындағы тасжолда жеңіл көліктерді тиеген автотасығыш өртенді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2024 14:51 Сурет: ТЖМ ҚР
Жамбыл облысында ТЖМ өрт сөндірушілері автокөліктер тиелген автотасығышты өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт Жамбыл ауданында республикалық маңызы бар "Алматы-Ташкент" автожолының 531-шақырымында болған.

8 жеңіл автокөлік тиелген автотасығыштың артқы дөңгелектері жанған. 

"ТЖМ күштері өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ведомство.

Өртің шығу себебі анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: