Президенттің кеңесшісі Берік Уәлидің әкесі өмірден озды
Сурет: Facebook/Берік Уәли
ҚР президентінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәлидің әкесі Уәли Құрманғалиұлы 75 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Facebook қолданушылары бүгін кешкісін Берік Уәлиге жеке парақшасында көңіл айта бастады.
Сурет: Facebook/Уали Курмангали
Zakon.kz порталының ұжымы марқұмның туған-туыстарының қайғысына ортақтаса отырып, шын жүректен көңіл айтады.
Айта кетсек, Берік Уәли 2023 жылдың қыркүйегінен бастап президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы қызметін атқарады. Ал оған дейін ол "Хабар" агенттігін басқарды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript