Алматыда Құрманғазы көшесінің бойындағы 38 жыл бұрын іске қосылған құбыр ауыстырылды
Фото: Zakon.kz
Алматыда Құрманғазы көшесінің бойымен Пушкин көшесінен Зенков көшесіне дейін төселген құбыр ауыстырылды. Биыл қайта жөндеуден өткізілген учаскенің ұзындығы 305 метрді құрайды.
Ауыстырылған құбыр 1986 жылы пайдалануға берілген еді, ол 5 көппәтерлі тұрғын үй мен 4 басқа да нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр.
Жалпы, биыл қалада Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен ұзындығы 20 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды. Жаңғырту жұмыстары жыл сайын жылытуаралық кезеңде жүргізіледі, биыл олар Алматы қаласының 6 ауданында атқарылды.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" және "Яндекс карталары" сервистерінде орналастырылған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript