Алматы метросындағы жолаушының өлімі: "Метрополитен" КМК түсінік берді

Алматы метросындағы жолаушының өлімі: "Метрополитен" түсінік берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2024 17:20 Сурет: Zakon.kz
2024 жылғы 10 желтоқсанда Алматы метросында ер адам қаза тапты. Абай стансасындағы қайғылы оқиғаға қатысты "Метрополитен" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәсіпорынның хабарлауынша, жолаушы перронға сағат 15:41-де құлап кеткен.

"Станция кезекшісі мен жүргізушінің жедел әрекет етуінің арқасында қозғалыс тоқтатылып, жолаушы перронға шығарылды", - делінген хабарламада. 

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері жеткенімен, өкінішке қарай, ер адамды құтқарып қала алмады.

Сондай-ақ метроның қалыпты режимде жұмыс істеп жатқаны хабарланды.

"Дегенмен полиция қызметкерлерінің тергеуі аяқталғанша Абай стансасына кіру уақытша жабылып, пойыздар көрсетілген бекетке уақытша тоқтамайды", - деп хабарлады Метрополитен баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: