Тоқаев ақтөбелік жас футболшылармен естелік суретке түсті
Сурет: akorda.kz
Президент Ақтөбе қаласындағы "Химик" стадионының базасында ашылған балалар футбол академиясына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Заманауи үлгіде жабдықталған нысанда жыл бойы спортпен айналысуға жағдай жасалған.
Академияда қазір 780 бала үздік халықаралық тәжірибе бойынша жаттығады. Онда спорт залдары, әкімшілік, оңалту, ем-дом және басқа да қызмет көрсету кабинеттері орналасқан.
Мемлекет басшысы академияны аралап көріп, жасөспірімдермен және жаттықтырушылармен әңгімелесті.
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды зиянды әрекеттерден сақтау үшін оларды спортқа көптеп тартудың маңызы зор екенін айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript