"Астана" – "Челси": Алматыда қандай көшелер жабылады

Алматы, Алматы зимой, Алматы зима, виды города Алматы, зима в Алматы, зимой в Алматы, заморозки в Алматы, мороз в Алматы, снег в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2024 11:35 Фото: Zakon.kz
12 желтоқсан күні өтетін "Астана" – "Челси" футбол матчы аясында стадион маңындағы көшелерде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің ақпаратынша, 18:30-дан 00:00-ге дейін келесі учаскелер жабылады.

  • Абай даңғылы: Байтұрсынов көшесінен Мұқанов көшесіне дейін.
  • Сәтбаев көшесі: Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейін толықтай жабылады.

Жақын маңдағы көшелерде патрульдік полиция нарядтары қойылады.

"Құрметті автокөлік жүргізушілері мен қала тұрғындары!Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін рахмет!",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін "Челси" футболшыларының Алматыға келе жатқаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: