Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды

Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2024 11:06 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
14 желтоқсаннан бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы толық қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын күшейтті.

Мерекелік іс-шаралар өтетін жерлерде, сондай-ақ азаматтар көп жиналатын орындарда және мемлекеттік қорғауға жататын нысандарда полиция нарядтары көбейтілді.

Жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау камераларының көмегімен бақылау күшейтілді.


"Ішкі істер министрлігі іс-шаралардың өткізілуі кезінде қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды", - деп хабарлады ведомсвто.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: