ҚР ІІМ: референдум учаскелеріндегі жағдай тұрақты әрі тыныш

ҚР ІІМ: референдум учаскелеріндегі жағдай тұрақты әрі тыныш, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2026 13:30 Сурет: ortcom.kz
Ішкі істер органдары референдумның қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуді жалғастыруда. Референдум күні барлық жеке құрам күшейтілген режимде қызмет атқарады.

Кез келген жағдайға жедел әрекет ету үшін – әр қала мен аудандық полиция бөлімдерінде мобильді жедел-тергеу топтары құрылған. Сонымен қатар, референдум учаскелерінің маңындағы аймақтарға бақылау күшейтілді. ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, Жедел басқару орталықтарына қосылған бейнекамералар арқылы да бақылау жүргізіліп жатыр.

"Министрліктің барлық қызметтері кез келген жағдайға жедел әрекет етуге дайын. Қазіргі уақытта референдум учаскелеріндегі жағдай тұрақты әрі тыныш. Қоғамдық тәртіп бұзушылықтары тіркелген жоқ. Полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады", – деді спикер "Референдум – 2026" онлайн-марафоны аясында ОКҚ алаңында өтіп жатқан брифинг барысында.

Референдум-2026 туралы барлық жаңалықтарды сілтеме бойынша оқи аласыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: