Жаңалықтар тізбегі
0

Бас прокуратура: Референдумда қоғамдық тәртіптің бұзылу фактілері тіркелген жоқ

Бас прокуратура, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2024 10:03 Сурет: Орталық коммуникациялар қызметі
Прокуратура органдары АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өткізудің заңдылығын жоғары қадағалауды қамтамасыз етеді, ал ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.
ҚР Бас прокуратурасы мен ІІМ өкілдері ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

ҚР БП Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Бекжан Қараманов референдум күні, яғни бүгін үгіт-насихатқа тыйым салынғанын еске салды. Сондай-ақ, сауалнама нәтижелерін масс-медиа мен онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейді.

"Учаскелік комиссиялардың дауыс беруге арналған үй-жайларда да осындай сауалнамалар жүргізуге де тыйым салынады. Осы талаптарды сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102 және 120-баптары бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Қазіргі уақытта мұндай фактілер туралы хабарламалар түскен жоқ", - деді спикер.

Бекжан Карамановтың айтуынша, референдум туралы барлық өтініштерді соттар мен прокуратура органдары бүгін дереу қарайды.

"Дауыс беру процесі құқықтық алаң аясында өтіп жатыр. Референдум комиссиялары мен мемлекеттік органдар тарапынан бұзушылықтар тіркелген жоқ. Референдум өткізудің заңдылығын қадағалауды жалғастырамыз", - деп түйіндеді Бас прокуратура өкілі.

Ел бойынша қоғамдық тәртіпті сақтауға 33 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылды. Оның ішінде, 18 мың полиция қызметкері 10 мыңнан астам референдум учаскесінде қызмет атқаруда. ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев осындай деректерді келтірді. Оның айтуынша, басшы және командалық құрамның тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды.

"Қазіргі уақытта, қоғамдық тәртіптің бұзылу фактілері тіркелген жоқ. Мемлекеттік органдармен бірлесіп, референдум учаскелерінде алдын ала комиссиялық тексерулер жүргізілді. Олардың техникалық талаптарға сәйкестігі, өртке қарсы қауіпсіздігі және терроризмге қарсы қорғалуы қаралды. Бұл нысандардың барлығы тәулік бойы күзетке алынды", - деді спикер. 

ІІМ ресми өкілі сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің референдум өткізу процесіне араласуға, сондай-ақ, дауыс беруге арналған үй-жайларда болуға құқығы жоқ екенін атап өтті. Олар дауыс беру залына Комиссия төрағасының шақыруымен ғана келеді.

Азаматтар сайлау және республикалық референдум туралы заңның бұзылуы туралы өтініш түсірген жағдайда ішкі істер органдарының кезекші бөліміне ақпарат жіберіп, прокуратура органдарын хабардар етеді.

"Ішкі істер министрлігі ел тұрғындары мен қонақтарын заңды сақтауға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады", — деді Шыңғыс Алекешев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: