Алматыда ұшақтан түскен Бибігүл Төлегенованы курсанттар ерекше қарсы алды
Сүйікті халық әуендерін әскери оркестр үнімен әуелеткен институт курсанттары шығармашылығы Қазақстан тарихы мен мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналған ұлы әртіске ерекше құрмет көрсетті. Бибігүл Төлегенованың болашақ Отан қорғаушылармен кездесу сәті - өнер мен патротизм арасындағы терең байланыстың символына айналды, бұл - қазіргі қызмет тек әскери борышын орындауды ғана емес, сонымен қатар мәдени мұраны сақтауды да қамтитынын танытатын белгі.
"Сіздердің көңілдеріңіз бен құттықтауларыңызға шын жүректен ризамын. Өнер - бұл тек шығармашылық қана емес, сонымен бірге өз Отанына қызмет ету. Көрсетіп жатқан құрметтеріңіз бен жылы сөздеріңіз маған қатты әсер етті, ол үшін алғысым шексіз", — деді Бибігүл Ахметқызы.
Сурет: Алматы қалалық гарнизонының баспасөз қызметі
Өз кезегінде курсанттар аты аңызға айналған әншімен кездесу өздері үшін маңызды оқиға болғанын атап өтті.
"Бибігүл Ахметқызын мерейтойымен құттықтау біз үшін үлкен мәртебе. Осындай ұлы тұлғамен кездесу бізді шабыттандырып, Отанға қызмет ету тек елді қорғау ғана емес, сонымен қатар ұлттық рухани құндылықтарды сақтау әрі оны дамыту екенін жақсы түсінеміз", — деп ІІ-курс курсанты Ерасыл Әскербеков өз эмоциясымен бөлісті.
Бибігүл Төлегеновамен кездесу курсанттарға патриотиз тұрғысында сабақ болып қана қоймай, болашақ Отан қорғаушылар үшін мәдениет пен өнердің маңыздылығын еске салатын ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтайта түсетініне сенім білдірді.