Мемлекет басшысы Бибігүл Төлегенованы 95 жасымен құттықтады

Бибігүл Төлегенова, Мемлекет басшысы, құттықтау, Ерболат Досаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2024 19:50 Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
16 желтоқсанда аты аңызға айналған опера әншісі, актриса, педагог Бибігүл Төлегенова туған күнін атап өтті. Биыл халық әртісі, "Отан" орденінің иегері 95 жасқа толды. Бибігүл Ахметқызын осындай айтулы күнімен құттықтауға Алматы әкімі Ерболат Досаев келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды. Президент құттықтау хатында ұлттық мәдениеттің дамуына зор үлес қосқан көрнекті өнер қайраткерінің еңбегін атап өтіп, оның өнері жас ұрпаққа шабыт беріп, ел мақтанышына айналғанын жеткізді.

"Ұзақ жылғы жемісті шығармашылық жолыңыз Сізді абырой биігіне көтерді. Еліміздің алтын қорына мол мұра қалдырдыңыз. Өнегелі де өнерлі шәкірттер тәрбиелеп шығардыңыз. Ерен еңбегіңіздің жоғары мемлекеттік наградалармен, мәртебелі атақтармен және айрықша сыйлықтармен аталып өтуі – зор мерей", делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Өз кезегінде Бибігүл Ахметқызы жылы лебіздер үшін алғысын білдіріп, барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Бибігүл Төлегенова, құттықтау, Мемлекет басшысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2024 19:50

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, 21 желтоқсан күні сағат 15:00-де Республика Сарайында Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына арналған салтанатты концерт өтеді. Бағдарламада Бибігүл Ахметқызының шығармашылығы шабыт берген, өздері де жетекші жұлдызға айналған көрнекті әртістердің орындауындағы классикалық және қазақ музыкасының ұлы туындылары орындалады.

Айта кетейік, аты аңызға айналған әншінің мерейтойы аясында Қазақстан бойынша 150-ге жуық іс-шара өтті. Концерттер, көрмелер, музыкалық кештер, дөңгелек үстелдер мен конференциялар ұйымдастырылды.

Бұған дейін Алматыда ұшақтан түскен Бибігүл Төлегенованы курсанттар ерекше қарсы алғанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: