Бағдат Мусин ел азаматтарын шын патриот болуға шақырды
Сурет: primeminister.kz
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнінде "Қазақтелеком" АҚ Басқармасының төрағасы Бағдат Мусин Telegram-дағы арнасында патриотизм мен жауапкершіліктің маңыздылығы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, патриот болу - барлық жерде ол туралы жария айту емес, нағыз патриотизм ол - отбасыңа жақсы қарау, балаларыңа дұрыс тәрбие беру, берілген жұмысты адал орындау, экологияны сақтау, елің үшін күнделікті аз болса да үлес қосу.
"Әлемді өзгерткің келсе өзіңді өзгерт" деген сөз есіме түсіп отыр. Еліміздің тәуелсіздігін сақтап, әлеуетін арттырғымыз келсе, әрқайсымыз ең әуелі өзімізге мән беруіміз керек. Өзімізге берілген жауапкершілікті абыроймен орындаған кезде еліміз де өркендеп, жан-жағымыз жақсара түседі. 1961 жылы Америка президенті Джон Кеннеди инаугурациалық сөзінде: "Елім мен үшін не істей алады деп емес, мен елім үшін не істей аламын деп сұраған абзал" деген екен. Бұл да рас. Әрқайсымыз осындай оймен жүрсек Қазақстанымыз өркендей бермек. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын, достар!", деп жазады желіде ол.
Бүған дейін астаналық оқушылар құрастырған ақылды робот Темірбек қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтағанын жазған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript