2024 жылы оңтүстік астанаға 1,7 млн турист келді
Фото: pexels
Алматы әкімі Ерболат Досаев 2024 жылғы 18 желтоқсанда ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихаты аясында қаладағы туризм әлеуеті туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, Алматы Орталық Азиядағы жетекші туристік дестинация ретінде өз позициясын нығайтуда.
"Қала Condé Nast Traveller версиясы бойынша шаңғы тебу туризмі бойынша топ-5 бағыттың қатарына енді және New York Times версиясы бойынша ең жақсы 10 саяхат орындарының бірі ретінде белгіленді".Ерболат Досаев
Айта кетейік, 2024 жылдың қарашасында өткен Qatar Travel Mart 2024 халықаралық көрмесінде Алматы 60 елдің қалалары арасынан үздік туристік бағыт мәртебесін иеленді.
"2024 жылдың 9 айында қалаға 1,7 млн турист, оның ішінде 507 мың шетелдік қонақ келді", — деді Алматы қаласының әкімі.
Бұған дейін Шарын каньоны арқылы өтетін шыны көпір жобасы қай кезеңде екені хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript