Алматы әуежайындағы жаңа терминалдың құрылысы 2024 жылы аяқталады
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ брифингінде қаладағы халықаралық әуежай жүктемесінің жағдайы жоғары екені туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерболат Досаев бұл мәселені жеке бақылауда ұстайтынын атап өтті. Жаңа терминалдың құрылысын TAV Airports Holding түрік компаниясы жүзеге асырады. Жұмыс кестеге сәйкес жүріп жатыр. Құрылыс 2024 жылдың жазында аяқталуға тиіс.
"Әуежайдың өткізу қабілеті - жылына 2 млн жолаушы. Биыл 8 миллионнан астам адам келеді деп жоспарларып отып. Алматы хабқа айналып жатыр. Жаңа терминал бізге ауадай қажет", - деді Алматы әкімі.
Жаңа терминалды іске қосу өткізу қабілетін жылына 14 млн жолаушыға дейін арттыруға мүмкіндік бермек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript