Алматыдағы ауаның негізгі ластану көзі қандай

Бизнес-центры, деловые центры, новостройки, Алматы, лето, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2024 13:55 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда ауаның лас екені бәріне белгілі. Әкімдік осы мәселемен күрес барысында қандай амалдар қолдануда. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Ерболат Досаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында, атмосфералық ауаның сапасын жақсарту – әкімдік жұмысының күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып қала беретіндігін мәлімдеді. 

"Бүгінгі таңда ауаны ластаушы заттардың 60%-і автокөлікке тиесілі",- деді қала әкімі.

Ол осы мақсатта қала тұрғындарын қоғамдық көлікке көшуге ынталандыруға, оның тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. 

"Осы шаралардың нәтижесінде 2024 жылы қоғамдық көліктегі жолаушылар саны 33%-ке артып, күніне 1,6 млн жолаушыға дейін рекордтық көрсеткішке жетті".Ерболат Досаев

2024 жылы экологияландыру мақсатында 770 газ және 115 электр автобусы сатып алынды.

Бұған дейін Алматы әкімдігі метрополитенді дамыту үшін халықаралық қаржы институттарымен келіссөздер жүргізуде екені хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: