"Қар борап, көктайғақ болады". Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы болжамы, 19 желтоқсан, дауылды ескерту, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2024 22:39 Сурет: unsplash
Синоптиктер 19 желтоқсанда Астанада және Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты қар жауады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз басым бөлігінде бұрқасын жүреді деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда да бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығытан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Қарағандыда күндіз бұрқасын болады деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығытан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың шығысында тұман түседі.  Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда бұрқасын жүріп, күндіз көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың батысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысындағы екпіні 23 м/с құрайды. Ақтауда көктайғақ болады, күндіз жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, кей тұста - 23 м/с.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың тау асуларындағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте де оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні  - 15-20 м/с. Түркістанда да оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының басым бөлігінде бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда бұрқасын жүріп, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қонаевта да оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының батысында, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Қызылорда таңертең және күндіз көктайғақ болады деп күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Атырауда көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында  соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Жарма ауданында 23 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысында бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында, күндіз оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтөбеде түнде бұрқасын жүреді, оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с болады деп күтіледі.

Ақмола облысында бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында - 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында  23-28 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Көкшетауда түнде жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман болады, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, күндіз көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында соққан желдің екпіні - 15-18 м/с.

Астанада түнде жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

19-20 желтоқсанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса болады деп күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер суық циклон жылжып келе жатқанын, күннің аяздайтынын ескерткен болатын

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: