Семей тұрғыны диплом аламын деп 500 мың теңгесінен айырылды
Сурет: gov.kz
Семей қаласында диплом сатамын деген сылтаумен алаяқтық жасаған жағдай анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
49 жастағы жергілікті тұрғын 28 жастағы әйелдің сеніміне кіріп, оған медициналық колледждің дипломын сатамын деп уәде берген. Осы уәдемен ол жәбірленушіден 500 000 теңге алып, қаражатты жұмсап жіберген.
Жәбірленуші ақшасыз да, құжатсыз да қалды, ал күдіктіге қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript