Ақтөбе тұрғыны тиімді бағада кірпіш сатып аламын деп 4 млн теңгесінен айырылды

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2023 14:58 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе қаласы полиция бөлімінің кезекші бөліміне алаяқтық туралы 33 жастағы жергілікті тұрғын арызданды.

Ол интернеттен кірпішті өте тиімді бағамен сату туралы хабарландыру тапқанын айтты.

Сатушымен телефон арқылы сөйлескеннен кейін сатып алушы аталған мекенжайға келіп, мәміленің барлық мән-жайын талқылап, алдын ала 4 млн теңге сомасында қолма-қол ақша төлеген.

Сатушы оған жәбірленушіге тауарды жақын арада жеткізуге уәде берген, бірақ төлегеннен кейін ол қоңырауларға жауап беруді тоқтатқан және уәдесін орындамаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 40 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Ұсталған адам кінәсін мойындады. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: