Жаңалықтар тізбегі
0

Сарыағашта таныс көршісіне сенген тұрғын 8 млн теңгесінен айырылып қалды

Валюта бағамы анықталды Сурет: Zakon.kz
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, таныс көршісі мал қора сатып алып беремін деп сендіріп, алаяқтық жолмен 8 миллион теңге ақшасын жымқырып, бір жыл бойы алдап келгенін көрсеткен.

Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Аудандық тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы жергілікті тұрғынды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады.

Анықталғандай, күдікті қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген.

Сондай-ақ осындай жалған уәде беріп, тағы бір тұрғынды алдап үлгерген. Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз