Маңғыстауда полицейлер интернет-алаяқтықты әшкереледі

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2024 11:46 Фото: freepik
Қазан айында Маңғыстау облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасына бірнеше тұрғын белгісіз тұлғалардың интернет-алаяқтық жасағаны туралы арызданды.

Зерттеу барысында алаяқтардың өзін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушілердің сеніміне кіргені анықталды.

Осылайша, олар азаматтардың 133 миллион теңгеден астам қаржысын алдап, иемденіп алған. Полиция қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, жәбірленушілердің ақшасының 20-дан астам дроперлердің есепшоттарына аударылғанын анықтады.

Тергеу барысында дроперлердің басым бөлігінің Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері екені белгілі болды. Осыған байланысты арнайы іссапар ұйымдастырылды. Нәтижесінде күдікті ретінде 26 және 21 жастағы екі азамат ұсталды.

Олар дроперлерден түскен қаражатты өз есепшоттарына аударған. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторында қамауда, ал қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Маңғыстау облысының полиция департаменті тұрғындарды мұндай алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады. Күмәнді қоңырау немесе әрекетке тап болсаңыз, тез арада құқық қорғау органдарына хабарлауыңызды өтінеміз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: