"ҚазАвтоЖол" ШҚО-дағы автокөлік иелеріне ескерту жасады

24 желтоқсан күні таңертең Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысын шектеу қою туралы шұғыл хабарлама таратылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ мәліметіне сүйенсек, 2024 жылғы 24 желтоқсанда сағат 10:00-де "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахмановские ключи" автожолының 46-66 шақырым аралығындағы учаскеде(Северное ауылынан-Серебрянск қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады.
Шектеу Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінін алдын алу жұмыстарына байланысты енгізіледі.
"Жолды 2024 жылғы 24 желтоқсан сағат 14:00-де ашу жоспарланған",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript