“Алматы-Ташкент-Термез” автожолында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды

Закрытая трасса, закрыто, стоп, снегопад, метель, закрытая дорога, непогода, перекрытая дорога , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2024 16:48 Фото: Zakon.kz
"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикалық маңызы бар жолдың жабыру себебі — ауа райының бұзылуы.

"2024 жылғы 6 қарашада сағат 16:00-ден 2024 жылғы 7 қараша сағат 04:00-ге дейін Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 535-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін 2024 жылғы 7, 8 және 9 қарашада республика бойынша ауқымды циклонның әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталатындығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: