Аудандық полициядағы бірінші жедел басқару орталығы: қауіпсіздікке бағытталған инновациялық тәсіл

Бұл республика бойынша жедел басқарудың алғашқы орталықтарының бірі Сарыағаш аудандық полиция бөлімінде ашылады деп жоспарлануда.
Бүгінгі күні мұнда қызметтік үй-жайларды дайындау бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ заманауи жабдықтарды, оның ішінде 125 бейнебақылау камерасын және жолдарға 10 жылдамдық өлшегіш құралын орнату жоспарлануда.
Жедел басқару орталығында қолданылатын заманауи технологиялар полицейлерге тәулік бойы мониторинг жүргізуге, түрлі құқық бұзушылықтарға шұғыл ден қоюға, әсіресе облыстың халық тығыз орналасқан және шекаралас аудандарында азаматтардың құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар барлық жүйелерді автоматтандыру үшін Түркістан облысының Полиция департаменті жедел басқару орталығының "102" бірыңғай колл-орталығына интеграцияланатын жаңа бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу жоспарлануда.
Айта кетейік, облыстың барлық аудандарында осындай жедел басқару орталықтарын ашу жоспарда тұр. Бұл қылмысқа қарсы күрестің құқықтық тәртібін қамтамасыз етудегі маңызды қадам ғана емес, қауіпсіз қоғам құруға және халықтың сенімін нығайтуға бағытталған полиция қызметтерінің мүмкіндіктерін кеңейтетін жоба.