Кадр саласының полицейлері біліктіліктерін арттыру курсынан өтті

Оған Полиция департаментінің кадр саласының басшы құрамы, инспекторлары мен психологтары қатысып, біліктіліктерін арттырды.
Спикер ретінде "Түркістан адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Н.Абуова, тренер-коуч Г.Кожахметова, "Түркістан Медиа-холдинг" ЖШС маркетинг директоры С.Сүлей қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Яғни полицейлерге адамдарға бағдарланған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша практикалық дағдылар мен құзыреттіліктерді дамыту шараларын жеткізді. Оның ішінде нәтижеге бағдарлану, тиімді коммуникациялар құру, өзін-өзі дамыту, жеделдік сынды қасиеттерді кеңінен қолдануға шақырды.
Семинарда сыни ойлау дағдылары, стресс менеджмент, парасаттылық, әділдік және адалдық, қазіргі әлеуметтік экономикалық тәуекелдер, қаржылық сауаттылық, эмоционалдық интеллект тақырыптарында сабақтар өтіп, тәжірибе алмасу орын алды. Жиын соңында қатысушы 25 полицейге арнайы сертификат табысталды.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері бүгінгі күннің талабына сай білім берген спикерлерге, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Алдағы уақытта алған білімдерін жүзеге асырып, халыққа сапалы қызмет көрсететіндіктерін жеткізді.