Қарағандыда кибералаяқтық схемасы әшкереленді: 2000-нан астам sim-карта тәркіленді

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2024 14:09 Сурет: ҚР ІІМ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен Қарағанды облысы полиция департаменті жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жақын шет елдердің бірінің 22 жастағы азаматы ұсталды.

Оған ұялы байланыс абоненттік құрылғыларының идентификациялық кодтарын заңсыз өзгертіп, азаматтарды алдау мақсатында пайдаланған деген айып тағылуда.

Тінту барысында дыбыс күшейткіш ретінде жасырылған арнайы құрал-жабдық тәркіленді. Бұл құрал Қазақстан Республикасы азаматтарына банктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері атынан қоңырау шалып, алдау және алаяқтық әрекеттер жасау үшін пайдаланылған.

Күдіктінің жалдамалы пәтерінен 2100-ден астам sim-карта, екі ноутбук, екі мобильді телефон, планшет табылды.

Тәркіленген құрал-жабдыққа қатысты 48 абоненттік нөмірден азаматтарға қоңыраулар жасалғаны анықталды. Қазіргі уақытта күдіктінің басқа алаяқтық эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті прокуратураның келісімімен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: