Түркістан облысында ПД-ның 11 айдағы жұмысы қорытындыланды.

Түркістан облысының Полиция департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2024 14:18 Сурет: Түркістан облысының Полиция департаменті
Түркістан облысы полиция департаментінің кіші мәжіліс залында департамент бастығы Мұрат Қабденовтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиында өткен 11 айдың қорытындысы мен алдағы күшейтілген қызмет тәртібіндегі міндеттер талқыланды.

Кеңес барысында қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар басты назарға алынды. Әрбір құрылым басшысы өз саласы бойынша атқарылған істер жайында есеп берді.

Сонымен қатар ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі тапсырмалары жеткізілді. Министр алаяқтық қылмыстардың алдын алу, жол-көлік оқиғаларын азайту бойынша тиімді ұсыныстар әзірлеуді және профилактикалық шараларды күшейтуді міндеттеді.

Сондай-ақ отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін рейдтік шараларды жандандыруды тапсырды. Жиында орын алған кемшіліктер мен оларды жою жолдары жан-жақты талқыланып, полиция қызметкерлерінің адалдығын тексеру, біліктілігін арттыру және оқыту жұмыстарының маңыздылығы айтылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: