Ақтаудағы ұшақ апаты: марқұм ұшқыштардың аты-жөні белгілі болды

Ақтаудағы ұшақ апаты: марқұм ұшқыштардың аты-жөні белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2024 20:11 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанда апатқа ұшыраған Әзербайжан ұшағы экипажының есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының хабарлауынша, Ақтауда апатқа ұшыраған лайнерді келесі экипаж мүшелері басқарған:

  • Кшнякин Игорь;
  • Калянинов Александр;
  • Алиева Хёкюма;
  • Эсадов Зюльфюгар;
  • Рагимли Айдан.

БАҚ-тың алдын ала хабарына қарағанда, Embraer 190 AZAL ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан ұшақ экипажының ешбірі аман қалмаған.

Кейінгі мәлімет бойынша, Ақтаудағы ұшақ апатынан 29 адам аман қалды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, зардап шеккендердің барлығы түрлі медициналық мекемеге жеткізілді.

"Оларға облыс ауруханаларында барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Оқиға орнына 23 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмылдырылды", - деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау әуежайының маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ Әзербайжан әуе компаниясына тиесілі екені белгілі болды. Оқиғаға дейін ұшақ құстармен соқтығысқан болуы мүмкін. Ұшақта Қазақстан азаматтары да болған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: