Мәулен Әшімбаев Ақтауда қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты

Маулен Ашимбаев, государственный служащий, Казахстан , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2024 12:05 Фото: senate.parlam.kz
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев 2024 жылғы 26 желтоқсанда палатаның жалпы отырысының ашылуында Ақтауда ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол ұшақ апатынан көз жұмғандардың ішінде қазақстандықтардың да бар екенін айтты.

"Осыған байланысты біз қаза тапқандардың барлық туыстары мен жақындарына, отбасыларына көңіл айтамыз. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша осы жағдайды тергеу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Барлық тиісті органдар жұмысқа кірісті және қажетті шаралар қабылданды. Біз бұл жұмыстардың барлығы зардап шеккендердің тез сауығуына ықпал етеді деп сенеміз", – деді Мәулен Әшімбаев.

Ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы соңғы ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

Бұған дейін қаза тапқан жеті адамның денесі анықталғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: