Енді қазақстандық ата-аналар баласына балабақшаны өздері таңдай алады

Детский сад, детский садик, дети, няни, няня, детсад, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2024 09:16 Фото: пресс-служба акимата Алматы
Елімізде мектепке дейінгі білім беруді қолжетімді ету және оның сапасын арттыру мақсатында балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа өзгеріс бойынша ата-аналар баласына балабақшаны өзі таңдай алады және баланың білім алуына қажетті қаржы мемлекеттен тікелей мектепке дейінгі ұйымға емес, баланың артынан таңдалған мекемеге берілетін болады.

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай механизм жекедегі және мемлекеттік балабақшалар арасында бәсекелестік қалыптастыруға бағытталған. Өйткені олардың басшылығы мүмкіндігінше көбірек бала тарту үшін білім беру сапасын арттыруға және білікті тәрбиешілерді жұмысқа алуға мәжбүр болады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы пилоттық режимде Қазақстанның төрт қаласы – Тараз, Шымкент, Түркістан, Орал қалаларында ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілді. Болашақта оны бүкіл ел бойынша масштабтау жоспарлануда.

Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналары үшін 4,2 мыңнан астам консультациялық пункт жұмыс істейді.

Ағымдағы жылы 328 мыңнан астам ата-ана мен балаға әдістемелік және педагогикалық қолдау көрсетілді.

Бұған дейін ШҚО-да халықаралық маңыздағы тас жолдың бір бөлігі көліктердің кейбір түрі үшін жабылғаны хабарланған болатын

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: