ШҚО-да халықаралық маңыздағы тас жолдың бір бөлігі көліктердің кейбір түрі үшін жабылды
Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында 26 желтоқсанда кешке Омбы-Майқапшағай тас жолының бір бөлігіне қатты аязға байланысты дизель отынымен жүретін көліктер жіберілмеуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2024 жылғы 26 желтоқсанда сағат 18:00-де Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты (қатты аяз, -28С) Омбы-Майқапшағай тас жолының 1103-1321 шақырымы, Абай облысының шекарасынан Қытай шекарасына дейінгі аралығында дизель отынымен жүретін қоғамдық автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды". "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі
2024 жылғы 27 желтоқсанда сағат 07:00 шамасында жолды ашу жоспарланған.
Бұған дейін Алматы-Өскемен тас жолында ұйытқыған қатты жел салдарынан жүк көлігі аударылып қалғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript