Си Цзиньпин Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Флаги Китая и Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2024 15:24 Фото: пресс-служба акимата Алматы
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бүгін, 2024 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы жеделхатында Ақтау маңында Әзірбайжан әуе жолдарының жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың, соның ішінде Қазақстан азаматтарының қаза тапқаны туралы хабарды терең қайғымен қабылдағанын айтты.

Сондай-ақ Қытай үкіметі мен халқының атынан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты.

25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Бортта 67 жолаушы, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған.

Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалғандар саны 29 адамды құрады. Оқиғаға дейін ұшақ құстармен соқтығысқан болуы мүмкін. Ұшақта Қазақстан азаматтары болған. Өкінішке орай, олардың ешқайсысы тірі қалмады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: