Павлодарлықтар сұлулық салонының қызметіне жиі жүгінеді

Сән салоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2024 16:35 Сурет: pixabay
Аталған секторда өңір үздік бес өңірдің қатарына кіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, жаңа жыл қарсаңында сұлулық индустриясы бағаны тағы 1,2% -ға көтерді. Бір жыл ішінде бағаның өсуі 13%-ға жетті.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша шаштараздар мен сұлулық салондары қазақстандықтарға жалпы сомасы 49,2 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл – 2023 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 13,3%-ға артық.

"Өңірлік бөліністе секторда ең көп қызмет Алматыда көрсетілді – 11,1 млрд теңге. Екінші және үшінші орындарды Астана мен Қарағанды облысы иеленді: 8,4 млрд және 6,6 млрд теңге. Жетекші өңірлердің бестігіне Павлодар (4,2 миллиард теңге) және Қостанай (3,8 миллиард теңге) облыстары да кірді", – дейді сарапшылар.

Соңғы жолдарда Түркістан (300,8 млн теңге), Ұлытау (373,2 млн теңге) және Атырау (534,5 млн теңге) облыстары тұр, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: