Түркістан облысында блогер 1 млн теңге бопсалады деген күдікке ілінді
Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында 1 млн теңге бопсалаған блогер ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғыны мектептерде білім беру жобасын жүзеге асыруға кедергі келтіремін деп қорқытып, ұйымдастырушылардан 1 млн теңге талап еткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Тексеру кезінде ұсталған адамнан қаражат аударылған сомасы бар банк картасы мен журналистің қызметтік куәлігі табылды". Polisia.kz
Күдікті өңірде блогер ретінде танымал, әлеуметтік медиа парақтарын белсенді жүргізеді.
Бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript