Атырауда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды

Ұсталды, Атырау, блогер, ақша бопсалау, кәсіпкер, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2025 18:53 Сурет: Zakon.kz
Атырауда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырауда 33 жастағы видео блогер мен 39 жастағы қала тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Олар жеке кәсіпкерден 2 миллион теңге қорқытып алды деген күдікке ілінді. Сондай-ақ тінту шаралары кезінде полиция қызметкеріне күш қолданған. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қорқытып алу және билік өкіліне күш көрсету әрекеттері бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде", делінген полиция хабарламасында.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайтыны нақтыланады.

Бұған дейін Абай облысының түзеу мекемесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың тоғыз мүшесі өзге жазасын өтеушілерден ақша бопсалап келгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: