Қазақстандық ММА шебері кәсіпкерден қомақты қаржы бопсалады деген күдікке ілінді

Доллары, деньги, коррупция, взятка, взятки, деньги в конверте, конверт с деньгами, коррумпированность, коррупционер, коррупционные схемы, взяточничество , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2026 11:43 Фото: Zakon.kz
Ақмола облысында кәсіпкерден 30 миллион теңге бопсалаған ММА жаттықтырушысы сыбайласымен бірге ұсталды. Полицияға белгісіз адамдар екі күдіктінің бизнесменге күш көрсетіп, қорқытып, ақша талап еткені туралы хабарлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК ақпарына сүйенсек, жедел іздестіру шарасында екі ер адам анықталып, олар Астанада ұсталды. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір бопсалау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталғандар жәбірленушінің бизнесін қорғаймыз деп ақша талап ету фактісіне қатысы бар болуы мүмкін.

"Ұсталғандардың облыс аумағында жасалған басқа да осындай қылмысқа бар-жоғын тексеруде. Бопсалау қылмыстық құқық бұзу болып табылады. Болған оқиғаның барлық мән-жайы сотқа дейінгі тергеуде анықталады". Альмира Рахматулина, Ақмола облысы ПД ақпараттық саясат бөлімінің инспекторы:

Бұған дейін Ақтөбеде 26 жасар жігітті тойда өлтіріп кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: