Алматыда Аяз Атаға арналған мерекелік киіз үйлер орнатылды

Алматыда Аяз Атаға арналған мерекелік киіз үйлер орнатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2024 18:22 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыдағы Астана алаңында, Абай алаңында және Арбатта ұлттық нақышта безендірілген бұл үйлер жаңа жылдық ертегінің ерекше атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді. Киіз үйлер 31 желтоқсанға дейін күн сайын сағат 15:00-ден 21:00 аралығында ашық, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала тұрғындары мен қонақтары Аяз Атамен кездесіп, естелік фотосуреттер түсіре алады.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

31 желтоқсанда Астана алаңындағы киіз үйлер түн ортасына дейін жұмыс істейді. 2025 жыл басталғанда мұнда жаңа жылдық концерттен кейін отшашу болады.

Күн сайын киіз үйлер жанында шығармашылық шеберлік дәрістері, ойындар, қойылымдар және сүйікті жаңа жылдық кейіпкерлермен кездесулер өтеді.


Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қонақтар шырша ойыншықтарын жасап, шыныаяқтарды безендіреді, гипстен жасалған мүсіншелерді бояа, музыкалық қобдишаларды әшекейлей алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: