Алматыда кейбір үйлер ыстық судан уақытша ажыратылады

Кран с водой, вода, водоснабжение, система водоснабжения, отсутствие воды, отключение воды, раковина, горячая вода, холодная вода, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2026 15:38 Фото: unsplash
2026 жылғы 16 сәуірде сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық су берілмейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шектеу Масанчи – Сәтпаев – Сейфуллин – Тимирязев – Байзақов көшелері, Бұхар Жырау бульвары, Хамит Ерғалиев жағалауы, Сәтпаев – Байтұрсынов – Абай көшелері аумағындағы үйлерді қамтиды.

Белгілі болғандай, бұл шара жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары кезінде ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында енгізіліп отыр.

"Алматы жылу желілері" ЖШС тұрғындардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрады.

Бұған дейін Алматы полициясы хостелдерге ауқымды тексеру жүргізуде екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: