Канадада ұшақ шұғыл қонып, салдарынан өрт шықты
CBC News хабарлауынша, ұшақтың қанаты қонатын кезде ұшу-қону жолағына соғылып, өрт шыққан. Борттағы барлық жолаушы мен экипаж мүшесі тез эвакуацияланды. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
🚨 JUST IN: Air Canada flight lands in Halifax with a broken landing gear, resulting in the wing scraping the runway causing a fire
— Nick Sortor (@nicksortor) December 29, 2024
The airport is currently CLOSED.
This comes just hours after a Boeing 737 attempted a landing without warning extending its gear in South Korea,… pic.twitter.com/Givga3hDEn
Әуежай уақытша жабылды, оқиғаның себебі анықталып жатыр.
2024 жылы 29 желтоқсанда Оңтүстік Кореяның Муан әуежайында Jeju Air ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 175 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі адам ғана тірі қалған.
Сыртқы істер министрлігі, Оңтүстік Корея билгінің мәліметіне сілтеме жасап, Муан әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар болмағанын мәлімдеді.