Михаил Кавелашвили Грузия президенті қызметіне кірісті

Михаил Кавелашвили Грузия президенті қызметіне кірісті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2024 13:38 Сурет: facebook/Georgian Dream
Ел парламентінде Грузияның жаңадан сайланған президенті Михаил Кавелашвилидің ұлықтау рәсімі аяқталды. Салтанатты шара өтіп жатқанда экс-президент Саломе Зурабишвили жақтастарына арнап сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зурабишвили президент сарайынан өз еркімен кететінін айтты.

"Мен бұл жерден кетіп, легитимділікті өзіммен бірге алып кетемін", - деді ол.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Кавелашвилиді ұлықтау рәсімінің ресми бөлігі заң шығарушы органның пленарлық мәжіліс залында өтті. Оның жанында отбасы болған. Бұл күні парламент Грузия Конституциясының арнайы көшірмесін басып шығарды. Ол Парламент музейінде сақталады.

14 желтоқсанда Грузия парламентінде президент сайлауы өтті. Бұл республика басшысының бірінші жанама сайлауы болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: