Семейде 77 жастағы кейуананы көлік қағып өлтірді

Семейде 77 жастағы кейуананы көлік қағып өлтірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2024 15:53 Сурет: Zakon.kz
Семейде көлік қағып кеткен 77 жастағы зейнеткер көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Volkswagen Vento маркалы автокөлік жүргізушісі Сәтбаев көшесіндегі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде 77 жастағы кейуананы қағып кеткен.

"Жедел жәрдем келгенге дейін жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін жылдамдықты асырмай, жаяу жүргіншілер өткелдерінде барынша мұқият болу қажет екенін ескертті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: