Тоқаев Корея Республикасы Президентінің міндетін атқарушыға көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2024 жылғы 30 желтоқсанда Ақорда мәлімдеді.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Муан әуежайында болған ұшақ апатының салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Президент жақындарынан айырылған отбасыларға және барша достас корей халқына көңіл айтып, апаттан зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript