Синоптиктер 31 желтоқсанда қар жауады деп болжанған өңірлерді атады

Синоптиктер Қазақстанның қай өңірлерінде 2024 жылғы 31 желтоқсан, сейсенбіде қар жаууы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Жаңа жылда республикамыздың оңтүстік-шығысында (Алматы, Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстары) қар жаууы мүмкін.
"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп болжанады, республикамыздың оңтүстік-шығысында қатты қар жауады", делінген ауа райы болжамында.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш тәулікке, яғни 2024 жылғы 31 желтоқсаннан 2025 жылғы 2 қаңтарға дейін Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынған болатын, сондай-ақ Жаңа жылда Алматыда ауа райы қандай болатынын айтқан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript