Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің кейбір өңірлерінде 3 қыркүйекте қар жауады деп болжанады

Ауа райы болжамы, Қазақстан, 3 қыркүйек, қар, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2024 18:10 Сурет: unsplash
Синоптиктер сейсенбіде, 2024 жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстанның кейбір аймақтарында қар жауатынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, республикамыздың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.

"Түнде еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында жауған жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін. Еліміздің қалған бөлігінде антициклонның әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-батысында қатты жел тұрады деп күтіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында түнде топырақ беті қатып, сынап бағаны -2°С суықты көрсетеді деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК

Сондай-ақ, Ұлытау, Жетісу облыстары, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Атырау және Қызылорда облыстарының орталығында, Ақтөбе өңірінің оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Ал Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау өңірінің оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

2 қыркүйекте Алматы тауларында қар жауды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: