Прокурорлар Еңбек кодексін бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларды жазалады
Фото: pexels
Жетісу облысының прокуратурасы "Заң және Тәртіп" идеологиясын бекіту аясыңда, білім беру мекемелеріңде жұмыс істейтін 2 мыңнан астам мұғалімдер мен қызметкерлерінің бұзылған конституциялық құқықтарын қалпына келтірді.
Тексеру барысында Ақсу ауданындағы 35 орта мектепте Еңбек кодексі талаптарының сақталмауы саласындағы бұзушылықтар анықталды.
Еңбек кодексінің 97-бабының 3-бөлігіне сәйкес жұмыс беруші қызметкердің өтінішінен кейін бес күнтізбелік күн ішінде ақысыз демалыс беруі тиіс деп көрсетілген.
Алайда осы талаптарға қарамастан мектеп директорлары қызметкерлерге мұндай демалысты беруден бас тартқан.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мұғалімдер мен білім беру мекемелерінің басқа да қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.
Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript