Қазақстанда Жаңа жыл түні жедел жәрдем қызметіне 27 мың қоңырау келіп түскен

Жедел жәрдем, Жаңа жыл түні, қоңырау, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.01.2025 16:31 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Жаңа жыл қарсаңында еліміздегі шұғыл медициналық қызметтер қарқынды кестеде жұмыс істеуде. Өткен жылдың желтоқсан айының соңғы тәулігінде еліміз бойынша жедел медициналық жәрдем пультіне тұрғындардан 27 мың шақырту келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның ішінде 17 мыңнан астам шақырту жеделділіктің 1-ші, 3-ші санатына тиесілі, 4-санат бойынша жедел жәрдем бригадалары 10 мыңнан астам рет шақыртуға шықты.

"Ең көп шақыртулар Алматы облысында тіркелді – 3073, одан кейін Алматыда – 2800, Түркістанда – 2358 және Астанада жылдың соңғы күнінде жедел жәрдем 1942 шақыртуға шықты". ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Айта кетсек, 2024 жылдың 11 айында Қазақстандағы жедел медициналық жәрдем (ЖМЖ) бригадалары 7, 7 миллионнан астам шақыртуға қызмет көрсетті. Өткен жылмен салыстырғанда шақыртулар санының артуына қарамастан, табысты реанимацияның негізгі көрсеткіші 7,1%-ға артып, барлық жағдайлардың 51,7%-на жетті.  Қазіргі уақытта ел бойынша жедел медициналық жәрдем қызметін 20 дербес станция, 98 қалалық кіші станция және 232 аудандық бөлімше ұсынады.Облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларында бір ауысымда 1 491 көшпелі бригада жұмыс істейді, МСАК ұйымдарының (емхана) жанындағы жеделділіктің 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін 446 бригада жұмыс істейді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: