Нашар халдегі зейнеткердің пәтеріне кіре алмаған жедел жәрдем бригадасына полицей көмектесті
Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында учаскелік инспектор үшінші қабаттың балконына көтеріліп, медициналық көмекке мұқтаж зейнеткерге көмектесті. Шақырту бойынша жеткен жедел жәрдем қызметкерлері пәтерге кіре алмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атбасар ауданы ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторының телефонына жедел жәрдем станциясының фельдшері Татьяна Чичиковадан жәрдем көрсету туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Медицина қызметкері бригадамен бірге денсаулық жағдайы бойынша есепте тұрған 77 жастағы жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсету үшін келгенін, алайда олар пәтерге кіре алмай тұрғанын айтқан.
"Руслан Кравцунов оқиға орнына дереу жетті. Пәтерде жалғыз тұратын зейнеткердің дәрменсіз күйде екенін және көмекке шақырып жатқанын білді. Полиция қызметкері үшінші қабаттағы зейнеткердің үйіне көрші тұрғынның балконы арқылы кірді. Руслан зейнеткерге медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасына есік ашты", делінген полиция хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript